Шахтадағы жұмысымды ән айтып жеңілдетем - Ақерке Өскембек

06.03.2026 20:57

Қарағанды облысындағы «Абыз» шахтасында еңбек ететін Ақерке Өскембек 600 метр тереңдікке түсіп, кеншілердің қауіпсіз жұмыс істеуін қадағалайды

Қарағанды облысындағы «Абыз» шахтасында еңбек ететін Ақерке Өскембек 600 метр тереңдікке түсіп, кеншілердің қауіпсіз жұмыс істеуін қадағалайды. Жаны нәзік әйелдер қауымы көп бара бермейтін бұл салаға ол саналы түрде қадам басқан, деп

Ақерке Өскембек – 5 жылдан бері шахтада геомеханик. Ол жер астындағы жұмыстардың қауіпсіздігіне жауапты. Яғни қызметкерлер мен техникалардың кен орнына қауіпсіз кіріп-шығуын қадағалайды. Қыз баласы үшін ауыр жұмыс болса да бұл кәсіпті саналы түрде таңдаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 «Мамандығымның басты мақсаты – жұмысшылардың қауіпсіз жұмыс жасауына жауаптымыз. Нагара дейміз, жер бетіне шыққан кезде проектылардың жұмысын қадағалаймыз. Ол проектіні құрастырғанда қауіпсіз жолдармен жұмыс жасауға үлесіміз тиіп отыр. Жалпы алғанда барлық жерді бақылаушы мамандық иесімін», – деді геомеханик Ақерке Өскембек. ¤

 Шахтада жұмыс істеу физикалық та, кейде эмоционалды тұрғыда да ауыр болады. Мұндайда Ақеркені құтқаратын дүние – музыка. Ән салуды жаны сүйеді. Сол арқылы күш-қуат жинайтынын жасырмайды. Вокалмен кәсіби түрде айналыса бастағанына да көп болмаған. Бірақ соған қарамастан біраз ән байқауында жеңімпаз атанып үлгерген.

«Ақеркені –жұрт өте әзілқой адам ретінде танғанымен, жұмыста өте сабырлы, салмақты жан. Бұл кісімен жүргенде ішің пыспайды. Тамадалық қасиеті бар, көңілді. Әпке ретінде ақыл айтып жүреді. Еңбек өтілі де көп, білмегенімізді үйретіп, көрсетіп жүреді», – деді әріптесі  Аниза Жұмажан.

Мықты мінез бен табандылықты талап ететін шахтадағы жұмыста 15 күн болады. Қалған бос уақытында музыкамен айналысатын кейіпкеріміз келешекте геомеханик кәсібін шыңдай түскісі келеді.

 Алтынгүл Төлегенова,

Оқи отырыңыз: Ұлжан Солтанбекова: Бала саулығы – үлкен жауапкершілік