Күдіктілер құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған
Каспийдегі қайғылы жағдайға байланысты күдікті лауазымды тұлғалар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық іс аясында 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Сонымен қатар құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалыпты. Тергеу барысында анықталған азаматтар қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінген. Бұдан бөлек, оларға метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау жүргізбеді және қажетті шараларды қабылдамады деген айып тағылды.
Сондай-ақ күдіктілер құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл әрекеттер адам өліміне әкеп соққан.
Оқи отырыңыз: Теңіз толқыны жұтқан тағдырлар: Үкімет кінәлілердің қатаң жазаланатынын мәлімдеді