Салық кодексі бойынша жұртшылықтан түсетін ұсыныстарға мұқият талдау жүргізіледі

21.01.2026 14:52

Президент жаңа Салық кодексі өзгермейтін қағидалардың жиынтығы ретінде қабылданбауы керек екенін айтқан болатын

primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын, оның ішінде жаңа Салық кодексін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың түйінді шарттарын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жаңа Салық кодексі өзгермейтін қағидалардың жиынтығы ретінде қабылданбауы керек, бұл туралы Президент ерекше атап өтті. Осыған байланысты Сізге, Серік Мақашұлы, жұртшылық пен бизнес тарапынан келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, мұқият талдауды тапсырамын. “Атамекен” ұлттық палатасының өкілдерін, экономистер мен сарапшыларды тарта отырып, жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеу керек.
Бүгін Үкіметте осындай алғашқы кездесу өткізесіз. Өңірлерді де осы жұмысқа белсенді тарту қажет. Қоғамның көтеріп отырған мәселелерін жедел қарау керек. Нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар енгізіңіз", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Елімізде жаңа теміржол желілерінің құрылысы қашан аяқталады