Мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал толық өтелді
Абай облысында балаларға бөлінген қаражатты жымқырып келген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу барысында белгілі болғандай, SAMGAU өнер-спорт мектебінің директоры жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдаланып, шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысты жалған мәліметтер берген. Құжатта көрсетілген кейбір балалар сабаққа мүлде қатыспаған, енді бірі бағдарламаға тіркелгенін де білмеген. Мемлекетке келтірілген 23 млн теңге залал күдікті тарапынан толық өтелді. Сот оның кінәсін дәлелдеп, 6 жылға шартты жаза тағайындады.
«ҚМА Абай облысы бойынша департаменті балалар шығармашылығын дамытуға арналған «Damu Bala» платформасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.Тергеу барысында анықталғандай, «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдалана отырып, балалардың сабаққа қатысуы жөнінде жалған мәліметтер ұсынған», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы Салтанат Көшербаева.
Оқи отырыңыз: Түркістанда туған әкесін қорлаған азаматтың әйелі де жауапқа тартылады