Саранда өртеніп жатқан үйдің ішінен 3 бала құтқарылды

20.10.2024 10:59

Өрт кезінде үш газ баллоны шығарылды

elements.envato.com

Қарағанды облысында жанып жатқан үйдің ішінде қалған 3 бала құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт кезінде үш газ баллоны шығарылды.

«Бүгін таңертең Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысы пен дуал өртенген. ТЖМ күшімен үйден үш бала эвакуацияланды.

Жану орнынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды», - делінген хабарламада.

Өрт толығымен 40 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Кішкентайымнан қаһарман болуды армандадым - құтқарушы