Шатыры құлап, тірек бағаны сынып кетті: мектеп салған мердігерден 266 миллион теңге өндіріледі

Сараптама нәтижесі шатырдың техникалық талапқа сай бекітілмегенін дәлелдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шатыры құлап, тірек бағаны сынып кеткен. Қостанайда мектеп салып жатқан мердігерден 266 миллион теңге өндірілмек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрылыс компаниясы білім ордасында жұмысты сапасыз жүргізген. Салдарынан дәнекерленген тірек бағандары ажырап, ғимараттың төбесі опырылып түскен. Төтенше жағдай 2024 жылдың қаңтар айында Қонай шағынауданында болған. Құны 2,2 миллиард теңге болатын білім ордасын мердігер 2023 жылдың желтоқсан айына дейін тапсыруы тиіс еді. Бірақ шаруаны мерзімінде аяқтамағанынан бөлек, жұмысына салғырт қарағаны анықталды. Сараптама нәтижесі шатырдың техникалық талапқа сай бекітілмегенін және тиісті деңгейде нығайтылмағанын дәлелдеп, сот кәсіпкерді барлық шығынды өтеуге міндеттеді.

«Сот шешімімен жауапкер облыстық бюджетке 266 миллион теңгеден астам соманы өндіруге міндеттелді. Бұл спорт залының шатырының құлау себептерін анықтау, сондай-ақ оқиғаның салдарын жою және құрылыс жұмыстарын аяқтау шығындарын қамтиды», – деді Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында 45 пәтерлі тұрғын үй құрлысында өрескел заң бұзылған

 

 

 

Новости партнеров