Сазгер Әбілахат Еспаевтың есімі тарихи тұлғалар тізіміне енеді

Бұл ақжолтай жаңалық өнер майталманының 100 жылдық мерейтойына арналған еске алу кешінде айтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ музыкасының бірегей өкілі, халқымыздың жүрегіне жол тапқан дара сазгер Әбілахат Еспаевтың есімі келер жылы тарихи тұлғалар тізіміне енеді. Бұл ақжолтай жаңалық өнер майталманының 100 жылдық мерейтойына арналған еске алу кешінде айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Одан бөлек, басқосуда сазгер туралы сыр шертіліп, оқушылардың әнұранына айналған «Ұстазым менің, ұстазым» туындысының жазылу тарихы сөз болды.  

«Биыл біз – Асанәлі Әшімов, Мұхтар Шаханов, Аягүл Миразова, Асқар Жұмаділдаев, Роза Рымбаева бастаған өнер саласының өкілдері президентке хат жаздық. 2026 жылы, яғни әр үш жыл сайын жаңартылатын тарихи тұлғалар тізіміне Әбілахат Еспаевты енгізу жөнінде өтініш жасадық. Бұл өтініш қабылданды, қазір министрлік аталған мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі.

Әйгілі композитордың рухына тағзым ету мақсатында өткен еске алу кешінде «Ән сұлтаны Әбілахат» атты ерекше сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрермен сазгердің өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін архивтік фотоларға куә болды. Айта кетейік, Әбілахат Еспаев 240-қа жуық ән мен романстың авторы, сондай-ақ сегіз спектакльге арналған әуезді музыка жазған.

Оқи отырыңыз: Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің 39 хикметі бар көне қолжазба табылды

Новости партнеров