Алматы облысында тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

25.10.2024 09:41

Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды

Пресс-служба ДП Алматинской области

 Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен айыпты құрықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу шараларына қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар атсалысты», - делінген хабарламада. 

Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

«Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін айып тағылады», - дейді құзырлы департаменттен. 

Оқи отырыңыз: Алматыда 7 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды