Сексеуіл-Бейнеу автожолы транзиттік әлеуетті арттырады

16.09.2025 15:40

Транзиттік дәліз Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумағын қамтиды

«Сексеуіл-Бейнеу» транзиттік дәлізінің құрылысы жылдамдайды. Бұл автобан Қазақстан арқылы Қытайдан Европаға тасымалданатын жүк айналымының жедел жетуіне мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Ұзындығы 559 шақырымды құрайтын Бейнеу-Бозой-Сексеуіл автомобиль жолы оңтүстік шығысқа қарай салынады. Транзиттік дәліз Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумағын қамтиды. Соның 189 шақырымы Сыр өңіріне тиесілі. Бүгінде бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жалпы сапалы жол қаражат тарту үшін тиімді.

 «Жоба бойынша 189 шақырымда 13 көпір өткелі, оның ішінде 9 мал өткелі салынады. 30 шақты су құбыры, 32 жол қиылысы, автомобиль жолын толықтай қоршау үшін техникалық шешім қабылданған. Бұл автомобиль жолы оңтүстіктен, орталықтан, солтүстіктен келетін жолдар арқылы Маңғыстау облысына, Каспий порттарына қарай  транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында өте қолайлы», – деді  «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Ерсайын Мұзафар.

Оқи отырыңыз: Алматының Әуезов ауданында жаңа демалыс және спорт аймағы пайда болды