«Семей орманы» резерватындағы өрт толықтай сөндірілді
Аlmaty.tv
Өрттің таралуын болдырмау бойынша барлық жұмыстар аяқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2025 жылғы 5 сәуір, сағат 17:10-дағы жағдай бойынша өрт толықтай сөндірілді.
Өртті сөндіруге «Семей орманы» МОТР Бас директоры Дәулет Байбулатов бастаған 419 адам және 140 техника бірлігі, оның ішінде:
- ЭТРМ — 143 адам, 65 техника бірлігі;
- ЖАО — 35 адам, 16 техника бірлігі;
- ТЖМ — 227 адам, 55 техника бірлігі;
- ІІМ — 14 адам, 4 техника бірлігі жұмылдырылды.
«Өрттің таралуын болдырмау бойынша барлық жұмыстар аяқталды. Оқиға орнына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары М. М. Елемесов те келіп, бақылау жүргізді», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Абай облысында 500-ден астам бала қажетті медициналық тексеруден өткізілмеген
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52