Семей мен Өскемен ЖЭО-ларын өз күшімізбен салуымыз мүмкін – Ерлан Ақкенженов

Энергетика министрлігі
Энергетика министрлігі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семей мен Өскемен жылу электр орталықтарын өз күшімізбен салуымыз мүмкін. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында министр Көкшетау қаласындағы жыл электр орталығының құрылыс жұмыстары басталғанын, жобаны «Самұрық Энерго» компаниясы іске асырып жатқанын айтты.

"Қалған екі жылу электр орталығына келер болсақ, қазіргі уақытта Ресей Федерациясы тарапынан жеңілдікпен қаржыландыруға қатысты жауабын алған жоқпыз. Қазақстан тарапы бұл мәселені ыңғайлы сәтте көтеретін болады. Әзірше Ресей тарапынан жғеңілдікті мемлекетаралық кредитке қатысты жауап болмай тұр. Егер жағдай осылай қала беретін болса, онда Қазақстанға аталған жобаларды өз күшімен іске асыруға тура келеді", - деді Ерлан Ақкенженов. 

Оқи отырыңыз: «S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

 

Новости партнеров