Семейде 19 жастағы бойжеткен пышақ жарақатынан көз жұмды

22.09.2026 18:40

Күдікті – марқұмның бұрынғы жігіті

Семейде 19 жастағы бойжеткен пышақ жарақатынан қаза тапты. Қанды оқиға Водный кентінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті – марқұмның бұрынғы жігіті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде қыздың айқайлаған дауысы естілген. Артынша тұрғындар сыртқа шыққанда, бойжеткеннің жерде жатқанын көрген. Оны құтқаруға тырысқан азаматтар жедел жәрдем шақырған.

«Мен аулада болдым. Ұрыс-керістен шыққан айғай-шуды естідім. Қыз айқайлады. Содан кейін, қарасам жерде жатыр. Барлығы қан. Оған жүрек массажы жасалды. Бір жігіт тұрды. Жылады», – деді Семей қаласының тұрғыны Ирина Лысак. ¤

«Бала жүгіріп келіп, менен көмек сұрады. Шықсам қыз жатыр. Пышақтап кеткен. Жедел жәрдем, полия қызметкерлері келді. Бізді қайтарып жіберді. Пышақ бірнеше жерінен жарақат салған», – деді Семей қаласының тұрғыны Азамат Құжыкенов.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте кішкентай қызды зорламақ болған ер адам сотталды

Толық көрсету