Семейде қой шаруашылығының селекциялық орталығы ашылды

14.04.2026 14:14

Жаңа орталықтың ғылыми базасы заманауи технологиялармен жарақталған

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семейдегі Шәкәрім университетінің базасында қой шаруашылығының селекциялық орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өндірісті ғылыммен ұштастырмай өрге жылжу мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті. Ғылыми негізге сүйенбей атқарылған іс ұзаққа бармасы тағы анық. Сол сияқты қой шаруашылығын да ғылыми селекциялық жұмыстардың оң нәтижесіне икемдеп, болашағы зор сала ретінде дамыту күн тәртібіндегі мәселе. Орталықтың ашылу салтанатына жиналған ғалымдар да, сала басшылары да осы тұжырымды қуаттады.

Жаңа орталықтың ғылыми базасы заманауи технологиялармен жарақталған. Ашылу салтанатына жиналған қонақтар орталықтың жұмыс жүйесімен толық танысып шықты. Мұнда саланың іргелі ғалымдары, ғылыммен айналысуға, қой шаруашылығының селекциясын жасауға дайын жас мамандар да жұмылдырылған. Ардагер ғалымдар ақ батасын беріп, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Оқи отырыңыз: Абай облысында колонияға Wi-Fi-роутер өткізген күдікті анықталды