Семейде жұмысшы өлімі бойынша айыпталғандар жазадан босатылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жұмыскер ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысы Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан жұмыскердің өліміне қатысты істі қарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың сәуір айында Семей қаласындағы кәсіпорындардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде жеке кәсіпкер тиісті оқудан өтпеген және рұқсаты жоқ жұмыскерді жұмысқа тартқан.

«Биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан жұмыскер ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған», - делінген облыстық сот хабарламасында.

Сот отырысында айыпталушылар: кәсіпкер мен автогидрокөтергіш машинисі қауіпсіздік шараларын бақылауда немқұрайлық танытқаны, жұмыскерді еш дайындықсыз және жеке қорғаныс құралдарынсыз биіктегі жұмысқа жібергені анықталды.

Сот үкімімен екеуі де ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі («Еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, абайсызда адамның өліміне әкеп соғу») бойынша кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Алайда «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес сотталғандар жазадан босатылды.

Сонымен қатар сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, сотталушылардан 10 миллион теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Оқи отырыңыз: Грузияда құлаған түркиялық ұшақтағы 20 адамның денесі табылды

Новости партнеров