Семіздіктен қалай арылуға болады: Тәжікстанда жұмыс берушілер қызметкерлеріне жаттығу жасатуы керек

19.06.2026 16:57

Заңға президенті қол қойды

Архивное фото: автор Нозим Каландаров

Тәжікстанда жұмыс берушілер енді қызметкерлеріне күнделікті 20 минут жаттығу жасатуы керек, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тиісті өзгерістер елдің Денсаулық сақтау кодексіне енгізілген. Жаңа заң жобасын депутаттар 10 маусымда қабылдап, оған 17 маусымда Тәжікстан президенті қол қойды.

Елдің әділет министрі Музаффар Ашуриённің мәлімдеуінше, бұл норма мемлекет басшысының 14 ақпандағы жарлығын орындау мақсатында әзірленген. Жарлық халық арасында семіздік пен қант диабетінің алдын алуға және қоғамдық денсаулықты нығайтуға бағытталған. Министрдің айтуынша, ереже меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың бәріне бірдей қолданылады.

«Жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғаларға тәулігіне кемінде 20 минут тұрақты физикалық жаттығулар өткізу міндеті жүктелді», – деді Ашуриён.

Заңнама талаптарына сәйкес, ұйым жетекшілері қызметкерлердің спортпен шұғылдануына қажетті жағдай жасауға және аталған физикалық белсенділік шараларына өздері де тікелей қатысуға міндетті.

Бұған дейін Тәжікстанда таңғы жаттығулар жекелеген мекемелерде тек ерікті түрде өткізіліп келген болатын. Кейінірек билік барлық мемлекеттік қызметшілерді сенбі күндері сағат 07:00-де басталатын жарты сағаттық ортақ таңғы жаттығуларға қатысуға міндеттеген.

Оқи отырыңыз: Алматының Зерделі ықшамауданындағы жаңа мектептің құрылысы аяқталды