Семсерлесуден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы ширек финалға жолдама алды

t.me/olympickz
t.me/olympickz

Ерлер құрамасы арасындағы турнир Гонконгта өтіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Қазақстан ерлер құрамасы Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызмеіне сілтеме жасап.

Командалық шпага сайысының 1/8 финалында қазақстандық семсерлесушілер Өзбекстан құрамасына қарсы тартысты кездесу өткізді.

Матч 28:27 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Финляндияны 45:39 есебімен жеңді.

Енді Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходовтан құралған команда ширек финалда Дания құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бүгін, 29 шілдеде, сабля бәсекесінде әйелдер арасында командалық жарыстар да өтуде.

Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик және Қайша Жәнібек алғашқы кездесуінде Украина құрамасына 33:45 есебімен есе жіберді.

Оқи отырыңыз: Ерікті түрде қоныс аудару: жеке баспана алуға 7 млн теңгеге дейін беріледі