Шешіп береміз: «ҚазАвтоЖол» алаяқтардан сақ болуға үндеді

21.08.2026 20:13

Компания жол жобалары мен жұмыс көлемдерін алып беруге уәде ететін алаяқтар көбейгенін хабарлады

Almaty.tv

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мердігерлер, қосалқы мердігер ұйымдар мен әлеуетті өнім берушілерге ескерту жасады, деп хабрлайды Almaty.tv.

Компания жол жобалары мен жұмыс көлемдерін алып беруге уәде ететін алаяқтар көбейгенін хабарлады.

"Компанияның мәліметінше, кейбір үшінші тұлғалар жол жобаларын немесе жұмыс көлемдерін белгілі бір ақшалай сыйақы үшін алып беруге, мәселені «шешуге», мүддені ілгерілетуге немесе тендер нәтижесіне ықпал етуге көмектесетінін айтып ұсыныс жасауы мүмкін", - делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» мұндай ұсыныстарға сенбеуге және ақша бермеуге шақырады. Компания мұны алаяқтық әрекет деп бағалайды.

Егер осындай ұсыныс түссе, 1403 нөміріне дереу хабарлау қажет.

Оқи отырыңыз: "Нұрлы жол – Арқалық" ұлттық тасымалдаушы пойызының қатынау мерзімін ұзарттылды



 

Толық көрсету