Референдумға дейін:
16
күн
9
сағат
50
минут

Шетелде бес есе қымбат: ителгіні шекарадан өткізбек болған браконьерлер ұсталды

Олар бір жылда табиғатқа 92 млн теңге залал келтірген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында Қызыл кітапқа енген жануарларды қырған 10-нан аса браконьер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар бір жылда табиғатқа 92 млн теңге залал келтірген. Мамандардың мәліметінше арнайы жасақпен бірлесе мыңнан аса рейд ұйымдастырылған. Нәтижесінде рұқсатсыз аңшылық қылған 682 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар заңсыз үйрек, қасқалдақ, түлкі қоян сынды жануарларды аулап сатқан. Ұсталғандар қатарында ерекше қорғау аймағындағы қарақұйрық, арқар сынды жануарларды аулағандар бар. Ителгі құсын шекарадан алып өтпек болғандар да құрықталды. Бұл сирек құстың  құны біздің елде 4 млн теңгеге бағаланса, шығыс елдерінде 5 есе қымбат сатылады. Қазір 14 миллион теңгеге жуық шығын өтелді, оған қоса 10 қылмыстық іс қозғалды.

«Қызыл кітапқа енген ителгі құстарын браконьерлер Қырғыз республикасы арқылы шекарадан өткізіп, ары Таяу Шығыстарға жолдайды. Қазіргі таңда қылмыстық 6 іс бойынша істері дәлелденсе, ҚР ҚК 337-бабы бойынша, яғни 5 мың АЕК айыппұл салуға немесе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Немесе шартты түрде шектеу қойылған», – деді Орман шаруашылығы және жануар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының м. а. Нұрғали Ниязқұлов.

 

Оқи отырыңыз: Есірткіні жасырып жүрген күдікті ұсталды

Новости партнеров