Шетелдіктер Қазақстанға қандай медициналық қызметтер алу үшін келеді

19.03.2026 16:49

Еліміз Орталық Азияда медициналық туризм орталығына айналып келеді

Аlmaty.tv

Өткен жылы қазақстандық клиникалар 50 елден келген шамамен 80 мың шетелдік пациентті қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстандық медициналық туризм ассоциациясының болжамынша, шетелден емделуге келетін адамдар саны жылына 300 мыңға дейін өсуі мүмкін.

- Қазақстандағы медициналық кластерге деген қызығушылық, негізінен, емдеудің салыстырмалы түрде төмен құнымен байланысты, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Диагностикалық емшаралар мен хирургиялық операциялардың құны АҚШ немесе Еуропамен салыстырғанда 5–10 есе арзан болуы мүмкін.

- Барлық клиникалық емдеу хаттамалары еуропалық стандарттарға сәйкес келеді және Қазақстанда он жылдан астам уақыт бойы енгізіліп келе жатқан медициналық технологияларды бағалау арқылы қаралады, — деді министр.

Еліміздегі тоғыз клиника Joint Commission International (JCI) аккредитациясын алған, бұл пациенттердің қауіпсіздігі мен медициналық қызмет сапасының әлемдік «алтын стандарты» болып есептеледі.

Еуропа елдерінен келген пациенттердің арасында ең көп сұранысқа ие бағыттардың бірі — экстракорпоральдық ұрықтандыру (ЭКҰ), оның себебі қолжетімді құны мен жоғары сапалы қызметтерде.

Сонымен қатар шетелдік пациенттер Қазақстанға жоғары технологиялы стоматологиялық көмек алу үшін де келеді.

Оқи отырыңыз: Екібастұзда құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер әшкереленді