Ажал құшқан сатушының туыстарына 20 миллион теңге өтемақы төленеді
Шағын маркетті тонап, иесін өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шешімге сәйкес, Қарағанды облысының 51 жастағы тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал ажал құшқан сатушының туыстарына 20 миллион теңге өтемақы төленеді.
Айта кетейік, сотталушы өз кінәсін тек ішінара мойындап, дүкен иесін өлтіргісі келмегенін айтты. Кейіннен кінәсін үшінші тұлғаларға жабуға тырысқан. Бірақ судья оның дәлелін жоққа шығарды.
«Сотталушы кінәсін орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінде өтейді. Оған 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын! Сондай-ақ Иванов психотроптық заттарды қабылдаумен байланысты мәжбүрлі түрде ем алады», – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев.
Еске салайық, айыпталушы бірнеше жауапкершілікке тартылғаны мәлім болды