Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында еліктер фототұзаққа түсіп қалды

02.05.2025 11:16

Бұл кадрлар – Шарын МҰТП аумағында жабайы жануарлардың еркін және қауіпсіз тіршілік етіп жатқанын көрсетеді

стоп кадр

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) аумағында жабайы табиғатты зерттеу және бақылау мақсатында орнатылған фототұзақтарға еліктер түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл кадрлар – Шарын МҰТП аумағында жабайы жануарлардың еркін және қауіпсіз тіршілік етіп жатқанын көрсетеді. Еліктер экожүйе тепе-теңдігінің көрсеткіші саналатын сүтқоректілердің бірі. Мұндай бақылау деректері біздің табиғатты қорғау мен зерттеу бағытындағы жұмыстарымыздың нәтижесі. Жабайы жануарлардың бақылау жұмыстары жалғасуда",- делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Оралда ток соққан бала көз жұмды