Оқиға орнында болған 2 куәгер қызға қатысты тергеу басталды
Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталған 8 сотталушының апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін олар толықтай немесе ішінара ақтауды сұраған еді. Бірақ Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі соты олардың жазасын сол күйі қалдырды. Ал оқиға орнында болған 4 куәгерге, оның ішінде 2 қызға қатысты тергеу басталды.
Еске сала кетейік, 16 жастағы Шерзат Полат былтыр қазанда төбелес кезінде ауыр жарақат салдарынан көз жұмған. Оқиғаға қатысы бар 11 адам ұсталып, 9 күдіктіге үкім шығарылды.
Оқи отырыңыз: Берденовтың соты: күдікті 11 жыл 3 айға түрмеге жабылуы мүмкін