Шерзаттың ісі: Думан Ысқақ тергеу кезінде айтқан сөзінен бас тартты

Ал марқұм мылтықты Нұрқиястың қолынан көрген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Төбелес кезінде мылтық Нұрқиястың қолында болды». Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев пен күдікті Нұрқияс Ілиясовтың беттестіру кезіндегі видеосы қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнеде Нұрқанат Шерзаттың шекесінен әлдебіреудің мылтықпен ұрғанын және сол сәтте өзінің де соққы алғанын айтты. Ал марқұм мылтықты Нұрқиястың қолынан көрген. Айыпталушы сондай-ақ, төбелес кезінде екі рет пышақ сермеген көрінеді.

Айта кетейік, Шерзаттың ағасы айтқан бұл деректермен Ілиясов келіспейді.

 «7-8 бала тұр екен магазиннің алдында, бардым. «Жігіттер не болып қалды?» деп сұрадым. Жауап бермеді, бір-бірімен ерегесіп тұрды. Сол кезде әкесі пышақ алып шықты. Әкесі екенін танымаймын. 1-2 рет «кетіңдер» деп балағаттады. «Тарт қолыңды» дедім. Сол кезде маған соққы тиді. Артқа қарай 2 қадам аттадым. Сол сітте мылтық атылды. Қарасам Нұрқанат», деді айыпталушы Нұрқияс Ілиясов.

Бүгінгі процессте кәмелетке толмаған айыпталушы Думан Ысқақ тергеу кезінде айтқан сөзінен бас тартты. Бұған дейінгі беттестіру барысында ол көлік ішінде Абзал Шынасылдың өзіне «болған жайтты ешкімге айтпа» деп ескерткенін мәлімдеген еді. Ал бүгін «Ол кезде қобалжып, артық сөйлеп қойдым» деп отыр.

Еске салайық: Гүлбара Бишембиева сотқа қайта шақырылады

Новости партнеров