Шерзаттың ісі: Дана Сәрсенбай сот-медициналық сараптама қорытындысын жария етті

21.05.2025 16:29

Сараптама Талғар аудандық орталық ауруханасының мәйітханасында жасалған

Almaty.tv

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұмның мәйітіне қатысты сот-медициналық сараптама қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv

Сараптама Талғар аудандық орталық ауруханасының мәйітханасында жасалған.

Прокурордың айтуынша,  Шерзат Полаттың денесінде бірнеше жарақат іздері болған.

«Мәйіттің бойы шамамен 170–175 см, арық денелі. Көздері жартылай жабық. Оң жақ бетінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары мен көгерген іздер байқалған. Үстіңгі ернінде де қан дақтары бар. Сол қолының бесінші саусағында жарақат, ал оң қолдың білек тұсында 2 см жарақат бар», – деді Дана Сәрсенбай.

Ең басты жарақат – сол жақ қабырға тұсына салынған.

«Мәйіттің сол жақ қабырға тұсында 2,5 см өткір затпен салынған, сұғылмалы-кесілмелі жарақат анықталған. Мәйітті тексеру барысында басқа айқын жарақаттар табылмады», – деп нақтылады прокурор.

 Бұған дейін Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақ сұқпағанын айтты