Шерзаттың ісі: сотталушылардың туыстары шу шығарды

05.05.2025 13:40

Олар сот залынан сотталушылардың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатқанын айтып, шағымданды

Фото видеодан алынды

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Айыпталушы тараптың туыстары сот залынан сотталушылардың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатқанын айтып, шағымданды. Оның ішінде кәмелетке толмаған бала да бар екенін жеткізді.

"Бұл бойынша сот тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі қосымша хабарланатын болады", — деді судья Ержан Жанұзақов.

Еске салайық, Нұрғанат Ғайыпбаевтың түсініктемесі оқылды

Дана Жақсыгелді сотталушылардың қолынан пышақ пен мылтық көргенін айтты

Нұрбекованың тергеу кезіндегі жауаптары талқыланды

Қаржаубай Нұрымов оқиғаның қалай басталғанын айтты

Шерзаттың анасы оқиғанын қалай болғанын айтты 

Судья отырысты Талдықорғаннан Алматыға көшіруден бас тартты

Нұрқанат Ғайыпбаевтың жанжал барысында қандай жарақат алғаны айтылды.

Шерзаттың әпкесі айыптау актісімен келіспейді

2024 жылы 4 қазанда төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болды.

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

2024 жылдың желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды.

Биыл ақпанда Шерзат ісіне қатысты қылмысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған.