Шетел түрмелерінде қанша қазақстандық жазасын өтеп жатыр

24.09.2025 19:59

Соңғы бес жылда 160 жерлесіміз елге қайтарылды

Шетел түрмелерінде 960 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Бұл ақпаратты Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, олардың басым бөлігі Ресейдің темір торына қамалған. Ал біздің елде 1 мыңнан астам шетелдік абақтыда отырса, оның көпшілігі Өзбекстан азаматтары екен.

Ғалымжан Қойгелдиев кейінгі бес жылда елге 160 жерлесіміз жазасын өтеуі үшін жеткізілгенін айтты. Енді Қазақстан мен Марокко да қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге келді. Бүгін төменгі палата депутаттары тиісті келісімді ратификациялады.

«Қазіргі уақытта 38 мемлекетпен осындай 83 халықаралық келісімшартқа қол қойдық. Мароккомен сотталғандарды беру, экстрадиция және құқықтық көмек көрсету мәселелерін қамтитын келісімді жасадық. Мароккодан кейін Мәжілісте Перуде сотталғандар мәселесін де талқылауды жоспарлап отырмыз», - деді ҚР БАс прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Оқи отырыңыз: Алматыға трамвай қайта оралады: жаңа желі қай бағыттарды қамтымақ