Шетелдік интернет-дүкендерден тапсырыс берген тауарлар декларациялануы тиіс

Бұл өзгеріс электрондық сауданы нақты есепке алуға мүмкіндік бермек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдік интернет-дүкендерден тапсырыс берген тауарлар міндетті түрде декларациялануы тиіс. Мәжілісте Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы хаттамасы қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжатқа сай, сырт мемлекеттен онлайн тапсырыспен сатып алынған заттар арнайы кедендік декларациямен рәсімделуі керек. Олар «электрондық сауда тауарлары» деген жеке санатқа енгізіледі. Бұл өзгеріс электрондық сауданы нақты есепке алуға мүмкіндік бермек.

«Еркін кіргізу нормасынан асқан жағдайда декларацияланады. 250 еуро, 35 кг шектеу. Осыған байланысты, аталған тауарлар ресми статистикаға енгізілмейді, себебі сауда айналымына жатпайды. Электрондық сауда тауарларының барлық көлемін декларациялау шетелдік интернет-платформалардан сатып алынатын тауарлар туралы толық статистиканы құруға мүмкіндік береді», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Құжатқа сәйкес «электрондық сауда операторы» ұғымы енгізіледі. Басқаша айтқанда, бұл – маркетплейстер мен сатып алушылар арасындағы делдал. Мұндай оператор тапсырыстарды рәсімдеп, тауарларды үйге жеткізіп береді және қажет болған жағдайда қайтарумен де айналысады. Егер құжаттарды толтырғанда қате кетсе, жауапкершілік сол операторға жүктеледі. Оның қызметінен бас тартып, кедендік рәсімдеуді өз бетінше жүргізуге де болады. Жаңа ереже кейбір интернет-тауарлардың қымбаттауына алып келуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Биыл 112 бағыт бойынша жүретін  пойыздар бейнекамерамен жабдықталады

Новости партнеров