Олар тапқан қаржыға елордадан 2 пәтер және 4 автокөлік сатып алған
ШҚО-да электр энергиясын заңсыз сату фактісі әшкереленді. Күдіктілердің сатылымнан тапқан табысы 9 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қолды болған электр энергиясының көлемі 50 мегаватт сағаттан асқан. Бұл – 50-70 мың тұрғыны бар қаланың бір жылдық тұтыну көрсеткішіне тең. Тергеу мәліметінше, қылмыстық жолмен алынған қаржыға ұйымдастырушы елордадан 2 пәтер және 4 автокөлік сатып алған.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, майнинг кәсіпорындарына электр энергиясын сату тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мегаватт-сағаттан аспайтын көлемде ғана жүзеге асырылуы тиіс. Алайда бірқатар энергиямен жабдықтаушы компаниялар екі жыл қатарынан халыққа, әлеуметтік нысандар мен стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарға арналған электр энергиясымен майнинг кәсіпорындарын заңсыз түрде қамтамасыз етіп келген», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Оқи отырыңыз: Бес жүк көлігі жанып кетті: шығын мөлшері есептеліп жатыр