ШҚО-да мұздақ көлдерге аэровизуалды бақылау жүргізілді

30.07.2025 19:51

ШҚО ТЖД жағдай тұрақты деп бағалады

ТЖМ ресми телеграм каналы

Катон – Қарағай ауданында Сарымсақты өзенінің бассейнінде және оған құятын арналарда орналасқан мұздақ көлдерге аэровизуалды бақылау жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеруді ШҚО ТЖД бастығы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары бірлесіп тікұшақ бортынан жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша:

  •  көлдердегі су деңгейі қалыпты;
  • сел процестері және бұзылулардың сыртқы белгілері мен көріністері анықталмаған;
  •  жағдай тұрақты деп бағаланды.

Оқи отырыңыз: