Фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматыда 19 жастағы бойжеткен 14-қабаттан құлап, мерт болды. Қайғылы жайт кеше кешке қаладағы тұрғын үй кешенінің бірінде тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әзірге оқиғаның неден және қалай болғаны белгісіз, мән-жайы анықталып жатыр. Ал Полиция департаментінің дерегінше, аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Аталмыш дерек бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі және мән-жайы анықталуда", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз: Қарағанда облысында екі шахтер көз жұмды