Қарағанда облысында екі шахтер көз жұмды

Зардап шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қазақмыстың" Қарағанды облысына қарасты "Саяқ-3" шахтасында көміртегі газы бөлініп, салдарынан екі жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.https://almaty.tv

Оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, мән-жай анықталып жатыр. Ал компанияның ресми ақпаратына сүйенсек, өзге қызметкерлер эвакуацияланып үлгерген. Зардап шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілген.

"Саяқ-3" шахтасында  болған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-тармағына сәйкес, "Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" дергімен  қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша кешенді тергеу әрекеттерін жүргізуде", – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Қанды қылмыс: атыраулық азамат ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған

Новости партнеров