Шығыс Қазақстанда тағы да қар көшкіні түсірілді
Depositphotos
Тау бөктерінде 4 рет жарылыс жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тау бөктерінде 4 рет жарылыс жасалды.
"Қар көшкінінің алдын алу шарасы облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 95-102 шақырымында жүргізілді. Барлығы 1145 текше метр қар түсірілді. Жолды жауып қалған қар көп ұзамай тазаланды. Қазір жол ашық тұр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Наурыз айында тауда қар көшкіні қаупі арта түседі. Себебі күн күрт жылынып, қар ери бастайды. Сондықтан ТЖД қызметкерлері азаматтарды таулы жерлерге бармауға шақырды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мектеп оқушыларына таңғы асқа ботқа беру тоқтатыла ма
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05