Шымкент, Тянь-Шань, Қапшағай: елімізде жер-су атауын иеленген қанша тұрғын бар
Жер-су аттарын іріктеген кезде қандай да бір өңірге басымдық берілген жоқ
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша елімізде әйгілі жер-су аттарын баласына қоятын жайттар жиі кездеседі. Солардың ішіндегі ең танымал дегендері қандай екенін біле жүріңіз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Айта кету керек, бұл жерде жер-су атауына қазақ халқының есім қоюдағы ерекше дәстүрі – «бек», «бай», «бол» қосымшалары жалғанған есімдер (Аралбай, Алтайбек деген сияқты) мен жер-су атауының бір бөлшегіне «бек», «бай», «бол» қосымшаларын жалғау арқылы жасалған аттар (Сырбай, Арқабек сияқты), идеология сарынымен кейін жер-суға телінген есімдер (Жамбыл, Абай, сияқты), жер-су атауын ғана білдіріп қоймайтын, басқа да мағынасы бар (Шалқар, Бекет, Торғай деген сияқты) омоним атаулар есепке алынған жоқ. Сондай-ақ жер-су аттарын іріктеген кезде қандай да бір өңірге басымдық бермей, ел арасында ең көп тараған жалқы атауларға көңіл бөлдік.
Сонымен адамға ең көп аты берілген әйгілі топонимикалардың рейтингі мынандай:
- Алтай – 4957 адам;
- Жайық – 645 адам;
- Есіл – 438 адам;
- Арал – 275 адам;
- Талас – 263 адам;
- Ертіс – 164 адам;
- Бурабай – 78 адам;
- Алатау – 39 адам;
- Маңғыстау – 38 адам;
- Балқаш – 32 адам;
- Семей – 27 адам;
- Астана – 24 адам;
- Алматы – 20 адам;
- Атырау – 15 адам;
- Каспий – 14 адам;
- Тараз – 14 адам;
- Зайсан – 13 адам;
- Ақтау – 11 адам;
- Түркістан – 10 адам;
- Сырдария – 4 адам;
- Қарқаралы – 4 адам;
- Тянь-Шань – 4 адам;
- Сарыарқа – 3 адам;
- Шымкент – 3 адам;
- Қазығұрт – 3 адам;
- Ұлытау – 2 адам;
- Қаратау – 2 адам;
- Отпан – 2 адам;
- Ақмешіт – 2 адам;
- Жетісу – 1 адам;
- Іле – 1 адам;
- Қапшағай – 1 адам;
- Өскемен – 1 адам;
- Мекке – 58 адам.
Бұған дейін биыл сәбилерге қойылған ең танымал есімдер туралы жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: Күнә жуатын жаңбыр және Құранда айтылған жалғыз ай: Рамазан туралы қызықты деректер