Шымкентте 17 адам балмұздақтан уланып қалды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қала аумағында балмұздақ дайындаумен айналысатын 98 нысан тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері қалада тамақтан уланудың екі фактісі тіркелді. Бұл туралы Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Әсем Даулетова мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бірінші жағдайда 8 адам қоғамдық тамақтану орнынан зардап шеккен. Ал екінші оқиғада балмұздақ жеген 17 адам уланып қалған. 

– Тергеп тексеру жұмыстары жүргізілді. Зертханалық тексеруден соң оң нәтиже тіркелді. Нысан санитарлық-эпидемологиялық талаптарға сай болмағандықтан оның қызметін тоқтату туралы қаулы шығарылды. Жұмысшылардың медициналық бақылаудан өтпегені анықталып, шектеу енгізілді. Кәсіп иелесі қызметін бастағаны туралы да хабарлама жібермегендіктен олардың жұмысына тыйым салынды, - деді Әсем Дәулетова.

Ресми мәліметке сәйкес, Шымкент қаласы аумағында балмұздақ дайындаумен айналысатын 98 нысан тіркелген. Осыған орай, департамент тарапынан жаз мезгілінде тағам өнімдерінің сапасына бақылау күшейтіліп отыр.

– Мұндай жағдай болса, біз құқық қорғау органдары мен полицияға ресми түрде хат жолдаймыз. Егер құрамында қылмыстық іс бар деп танылса, материалдар полицияның қарауына жіберіледі. Аталған дерек бойынша тиісті мекемеге хат жолданғанымен, бүгінгі күнге дейін жауап келмеді, - деді Әсем Дәулетова.

Оқи отырыңыз: Елімізде "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады

Новости партнеров