Елімізде "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады
Қайырымдылық акциясы әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталған
1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл – жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін республикалық қайырымдылық акциясы. Ол әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Өткізу мерзімі:
- 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығы
Акцияның мақсаты – мектепке дайындық кезеңінде қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсете отырып, олардың білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Кімдерге көмек көрсетіледі:
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;
- Мүгедектігі бар балалар;
- Төтенше жағдайлардан зардап шеккен балалар;
- Қиын өмірлік жағдайға тап болған өзге де балалар.
Көрсетілетін көмек түрлері:
- Мектеп формасы;
- Канцеляриялық құрал-жабдықтар;
- Сөмке, аяқ киім, оқулықтар;
- Материалдық және өзге де атаулы көмек.
Қатысушылар:
- Мемлекеттік органдар;
- Кәсіпкерлер мен бизнес құрылымдары;
- Қоғамдық ұйымдар;
- Ерiктiлер;
- Жеке азаматтар.
Акция бойынша көмек алу немесе көмек көрсету үшін өңірлік білім басқармаларына, жалпы білім беретін мектептерге, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жүгінуге болады.
Көмек тек ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініші немесе мұқтаждық анықталған жағдайда атаулы түрде көрсетіледі.
Айта кетерлігі «Мектепке жол» акциясы 16 жылдан бері еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған балаға жаңа оқу жылын сеніммен және қуанышпен бастауға мүмкіндік беріп келеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада тарихи жетістікке қол жеткізді