Шымкентте 2 мыңнан астам заңсыз салынған құрылыс анықталды

187 апатты ғимарат пен 63 заңсыз тұрғызылған іргетас бұзылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 2 мыңнан астам заңсыз салынған құрылыс анықталды. Арасында тіпті жер телімін өз бетінше иемденіп алғандар да бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сол себепті бүгінде 187 апатты ғимарат пен 63 заңсыз тұрғызылған іргетас бұзылған. Мамандардың мәліметінше, рұқсатсыз құрылыс Абай ауданында көп. Мұнда шамамен 1,5 мың нысан тіркелген. Ал өзге аудандарда олардың саны жүзден асады. Жауаптылар мұны 2018 жылғы өзгерістермен байланыстырып отыр. Яғни Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған кезде оған қосымша 41 аумақ қосылып, сол учаскелер бойынша құжаттар уақытылы рәсімделмеген.

«1831 жер телімінде адам тұруға жарамды. Құжаттарын заңдастыру мәселесінде ҚР Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес, құрылысқа  меншік құқығы сот тәртібімен  ғана шешілуі мүмкін.  Бізге басқалай мүмкіндік жоқ», – деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Оқи отырыңыз: Әуезов ауданында экономикалық өсім байқалады

Новости партнеров