Шымкентте анасын соққыға жыққан азамат түрмеге жабылды

29.05.2025 19:14

Туған ұлынан таяқ жеген кейуана баласына қарсы арыз жазуға мәжбүр болған

Шымкентте анасымен жанжалдасып қалған азамат, оны соққының астына алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға кезінде ер адам масаң күйде болған. Ал туған ұлынан таяқ жеген кейуана баласына қарсы арыз жазуға мәжбүр болған. Сотта 35 жастағы тұрғынның кінәсі толық дәлелденіп, 12 тәулікке түрмеге жабылды.

«Жәбірленуші анасы бұған дейін оқиға бірнеше рет қайталанғанын жеткізді. Сотталушыға кешірім бермейтінін айтып, заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады. Бұл азамат бқрын да сотталған. Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алайда жәбірленушімен татуласуына байланысты 68 бапты басшылыққа ала отырып, іс тоқтатылған», – деді судья Нұрсұлтан Мыңбатыров.

Оқи отырыңыз: Қаржаубай Нұрымов айыпталушылардан моральдық және материалдық шығын талап етті