Қазақстан мен Еуропа Кеңесі ынтымақтастығының жаңа белестері талқыланды

29.05.2025 19:33

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені қабылдады

Ақорда

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы еліміздің еуропалық ұйыммен өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады. Президент Әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімет берді.

Ален Берсе Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен өзара қарым-қатынас жасауға әзірлігін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Жаһандық инновациялық рейтингтегі орнын жақсартты