Шымкентте балаларды "азаптады" деген ерлі-зайыптылардың ісіне нүкте қойылды

07.11.2025 21:58

Тергеу нәтижесіне сай күдіктіге қатысты іс тоқтаған

Аlmaty.tv

Шымкентте 6 бала асырап алып, оларды қинады және оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамады деген айып тағылған емшінің ісіне нүкте қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Айыпталып, сот шешімімен созылмалы психикалық аурумен ауырғаны үшін мәжбүрлі емге жіберілген Ұлықбек Смановтың әйелінің ісі де қысқарды. Полиция дерегінше, оның әрекетінде қылмыстық құрам болмағаны анықталған.

«Оның әйеліне қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша материалдар жеке өндіріске бөлінді. Осы істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шараларының кешені өткізілді. Тергеу барысында куәгерлерден сұхбат алынды, сараптамалар тағайындалды, беттестірулер жүргізілді», - делінген Шымкент қалалық полиция басқармасының хабарламасында

Тергеу нәтижесіне сай күдіктіге қатысты іс тоқтаған. Бұл шешіммен прокуратура келіскен.

Айта кетейік, өткен жылдың жазында Шымкентте жергілікті емшінің Астана, Алматы және Шымкент қаласындағы балалар үйінен 6 баланы асырап алып, оларға ит пен мысықтың етін бергені және азаптап келгені туралы ақпарат шыққан еді.

Балалардың үлкені 16 жаста, кішісі 1 жасар. Кейіннен оның бұрын да сотты болғаны анықталған. Алайда білім басқармаларына соттылығы жоқ, ақыл-есі дұрыс деген анықтама берілгені хабарланған еді.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлады деген күдікпен ұсталды