Axios басылымы Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылғаны жайында жазды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары мен Дональд Трамппен кездесуі әлемдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтар күн тәртібіндегі басты оқиғалардың біріне айналды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Axios басылымы Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылғаны жайында жазып, аталған клубқа көптеген елдің мүше болуға тырысатындығына назар аудартады.
"Бұл Газадағы соғыс парағын аударып, өңірдегі үлкен бейбітшілік пен ынтымақтастыққа қарай ілгерілеудің қадамына айналады", — делінген шетелдік БАҚ бетінде жарияланған материалда.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оқи отырыңыз: Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті