Бұзақы жігіт полиция қызметкеріне де қол жұмсаған
Шымкентте ем іздеп, ауруханаға келгендер соққының астында қалды. Нақтырақ айтсақ, мегаполисте белгісіз ер адам емдеу мекемесіне баса-көктеп кіріп, бір азаматты ұрып-соққан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жанжал кезінде ол жабық бас-ми жарақатын алып, стационарға жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты. Онымен қоймай, бұзақы жігіт полиция қызметкеріне де қол жұмсаған.
Айта кетейік, куәгерлер түсірген бейнежазбада күдіктінің ұлтаралық араздық тудыратын бейәдеп сөздер айтқаны да анық көрінеді. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Бүгінде аталған фактіге қатысты тергеу ісі полиция басшылығының тікелей бақылауында.
«Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Қызы мен анасын пышақтап, өлтіріп кеткен: Жезқазғанда күдікті ұсталды