Шымкентте бірінші сынып оқушысын көлік қағып кетті

03.11.2025 21:45

Күдікті қамауға алынып, полиция қылмыстық іс қозғады

Almaty.tv

Шымкентте бірінші сынып оқушысын көлік қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өкінішке қарай, бала оқиға орнында жан тапсырды. Қайғылы жағдай бүгін таңғы уақытта, балақай мектепке бара жатқан кезде болған. Ол  жүргіншілер жолымен өтіп жатқан сәтте кенеттен көлік жүйіткіп келіп соққан. Алдын ала дерек бойынша, көлік тізгініндегі әйел тежегіштің орнына қателесіп «газды» басқан көрінеді. Қазір күдікті қамауға алынып, полиция қылмыстық іс қозғады. Куәлардан жауап алынып, тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Атырауда үш жылдан бері мектеп құрылысы неге тоқтап тұр