Шымкентте бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

elements.envato.com
elements.envato.com

Барлығы 5 164 921 теңге сомасында аударым жүргізілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған», — деп хабарлады прокуратурадан.

Барлығы 5 164 921 теңге сомасында аударым жүргізілген.

Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды.

Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық десантшылар Гималайды бағындырды

 

Новости партнеров