Аталған іс бойынша тұлға кінәлі деп танылды
Шымкенттік курьер қыз зорлап, 13 жылға сотталды. Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотында ер адамға қатысты іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өткен жылы курьерлік қызмет атқара жүріп, жәбірленушімен танысқан. Әңгімесі жарасқан екеу алкогольдік ішімдіктен ұрттап алып, отырыс соңы ұрыс-жанжалға ұласып, ұрып-соғуға әкелген.
Яғни, сот мәліметтеріне сүйенсек оқиға кезінде курьер, нәзік жандыны кеуде тұсынан соққылап, денсаулығына қасақана зиян келтірген. Ол аздай, еркінен тыс зорлап, жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Күдіктінің қатігездігін ескерген судья, оны дәлел-дәйектермен кінәлі деп тапты.
«Аталған іс бойынша, тұлға кінәлі деп танылды. Ол бойынша, ауыр жазалардың бірі тағайындалды. Түпкілікті 13 жыл, 6 ай мерзімге сотты болды. Бұл тұлға, алты рет сотты болған. 2006 жылдан бері бұзақылық, қарақшылық, ұрлық қылмыстары бойынша сотталған. Бірнеше рет ауыр қылмыс жасаған. Бас бостандығын айыру мекемесінде жазасын өтеп шыққан. Бұл кісі де, пробациялық бақылауда жүріп, қылмыс жасаған», - деді Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Аинель Орақбаева.
Айта кетейік, Прокурор сотталушыны 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда судья сотталушының қылмыстарды қайта жасағанын ескере отырып, жаза тағайындаған. Сондай-ақ, жәбірленушінің пайдасына 5 млн теңге моральдық шығын өндіріп берді. Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшы қыздар қанша сыйақы алады