Тексеру барысында бюджетті мақсатсыз игеру әрекеттері анықталған
Шымкенттегі № 119 мектептің директоры 685 млн теңгеге кабинет сатып алмақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірақ тексеріс кезінде оның нақты құны бар болғаны 7 млн теңге екені анықталды. Бағаның 100 есе артық көрсетілуі «сатып алу маманының қателігінен» болған көрінеді.
«Біздің бастамамызбен осындай фактілер үшін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен 7 мемлекеттік мекеменің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция басқармасының басшысы Жандос Бекасанов.
Бюджетті мақсатсыз игеру әрекеттері тек мектеп деңгейінде емес. Шымкент әкімдігі де бұл «жарыстан» шет қалмапты. Қалалық спорт басқармасы 1995 жылғы ескі ғимаратты 4 млрд теңгеге иемденбек болған. Антикордың тексерісінен кейін қаражат мемлекетке қайтарылды.
Оқи отырыңыз: Шымкентте әйелін өлтірген ер адам ұзақ жылға сотталды