Шымкентте екі рет сотталған қылмыскер базар күзетшісін аяусыз ұрып өлтірді

Ол бұл қылмысты пробациялық бақылауда жүріп жасаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте бұрын екі рет сотталған қылмыскер базар күзетшісін аяусыз ұрып-соғып, өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ең сорақысы – ол бұл қылмысты пробациялық бақылауда жүріп жасаған. Белгілі болғандай, инспекторлар азаматтың жүріс-тұрысын қадағаламаған. Салдарынан жазықсыз жан ажал құшып отыр. Ал кінәлі азамат 10 жылға темір торға қамалды.

Айта кетейік, қызметін дұрыс орындамаған инспекторға да тәртіптік жаза қолданылды.

 «Алкогольді масаң күйде тас жолының бойындағы базардағы күзетшіден телефон сұраған, ол жоқ деп айтқан. Сол бір сөзге бет-аузынан ұрып соғып, өлтірген», – деді  қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында бюджет қаржысы қолды болған

Новости партнеров