Шымкентте ер адам өз анасын өлтіріп, мәйітін аулада өртеп жіберген

Жаға ұстатарлық жағдай Ынтымақ шағынауданында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 31 жастағы ер адам өз анасын өлтіріп, артынан мәйітті үй ауласына шығарып өртеп жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаға ұстатарлық жағдай кеше Ынтымақ шағынауданында болды. Алдын ала жарияланған деректерге сүйенсек, қылмыс отбасылық жанжалдан туыпты.

Жергілікті полиция күдіктінің қамауда екенін мәлімдеді.  

"12 қаңтар түнгі уақытта полицияға зорлық-зомбылық белгілері бар өлім және өрт туралы хабарлама түсті. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде", - делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар Жаңа жыл мерекесінен қалған шыршаларды зообаққа өткізе алады

Новости партнеров