Табиғи шыршалар 13-17 қаңтар күндері аралығында қабылданады
Алматы хайуанаттар бағының Жаңа жыл мерекесінен кейін пайдаланылған жасыл шыршаларды қабылдау акциясын бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Зообақтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, табиғи, жанды шыршалар 13-17 қаңтар күндері аралығында қабылданады.
"Шыршалар жануарлар қоршауындағы табиғи ортаны толықтыратын болады. Қабылданған шыршалар бұғы, елік, қодас, харзалардың, тағы басқа жануарлардың қоршауларына орналастырылады. Жануарлар өз аумақтарындағы жаңа затқа ерекше қызығушылық танытады. Олар қоршауларына әкелінген шыршаны тартқылап, иісін танып, дәмін көріп, одан секіріп, бұтақтары мен қабығын тістелеп ойнайды. Осылайша жануарларымыздың қалыпты тіршілігіне жаңа серпін бере аламыз", - деп жазылған хабарламада.
Зообақ қызметкерлері Жаңа Жыл мерекесінде пайдаланған табиғи жасыл шыршаларды қоқысқа тастамай, зообаққа әкеліп тапсыруды сұрайды.
Айта кетерлігі, "Шыршаны тапсыр" акциясының өз шарттары бар, яғни жарамды шыршалар ғана қабылданады:
Ал бұтақтары сынып қалған, қураған, инелері түсіп қалған, сарғайған шыршалар қабылданбайды.
Шыршалар Алматы хайуанаттар бағының қызметтік кіреберісінде қабылданады (Орманов көшесі 64).
Оқи отырыңыз: Алматы зообағындағы ең кәрі керік көз жұмды