Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған 9 адамға үкім шықты

30.10.2025 13:50

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 4 мыңнан астам адамды алдаған

Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тергеу мәліметінше, олар өздерін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырып, азаматтарға ай сайын салған қаражатының 20-40% пайызын уәде еткен. Алайда уәде етілген табыс нақты кірістен емес, кейін қосылған салымшылардың ақшасынан төленіп келіпті. Соның салдарынан 4 мыңнан астам адам алданған.

Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, әрқайсына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  

«Күдіктілер салымшылардан түскен ақшаны қымбат автокөліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған. Сот шешімімен 402 млн теңге көлеміндегі қаражат, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы Салтанат Көшербаева.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында дәрігерлер 700-ден астам оқушыны құжат жүзінде ғана тексерген