Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 16 млрд теңге жымқырғандар сотталды

​​​​​​«Nazira Gold» пирамидасының жетекшісі 10 жылға сотталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте атышулы «Nazira Gold» қаржы пирамадасын құрған 9 адам сотталды. Олар халықты алдап, 16 млрд теңгені қалтасына басқан. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 4 мыңнан аса азамат «табысың еселенеді» дегенге сеніп, бар жиған-тергенін осы жобаға салыпты. Ал басты айыпталушы түскен қаржыны туыстарының атына жазып, зәулім үйлер мен қымбат көліктер алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қазір мемлекет соның тек 2 миллиард теңгесін ғана тәркілеген. Ал қалған ақшаның ізі тіпті табылмай отыр. Істің басында тұрған Назира Нұржан сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның артынан ерген жеті адам 5 жылға сотталса, тағы бірінің бас бостандығы 1 жыл мерзімге шектелді.

«Нұржан 2025 жылдың мамыр айында «Nazira Gold» жобасын құрған кезде басты мақсаты азаматтардың ақшасын тарту болған. Оны жүзеге асыру үшін тек кәсіпкерлік қызметпен айналысу жеткіліксіз еді. Әр миллион теңге салым сомасына ай сайын 20-41 пайыз аралығында үстеме ақша беретінін, сондай-ақ 5 айдан кейін салым сомасын толық қайтаратынын айтып, көрінеу орындалмайтын уәде берген», – деді судья Мадияр Абдрасилов.

Айта кетсек, пирамида өз «құрбандарын» көбіне әлеуметтік желі арқылы тапқан. Көркем жарнамалар мен уәделерге сенген жұрт, тіпті несие алған. Кейбірі 30 миллион теңгеден астам қаражатын бір-ақ күнде салған көрінеді. Енді олардың қаржысы тек аукцион арқылы сатылатын мүлік есебінен қайтарылмақ.  

«Назира мен Базаркүл екеуі бірге алып кеткен. Затым да жоқ, ақшам да жоқ. Сол себепті мен қазір тағы да Президентімізге жазамын. Үкіммен келіспеймін. Бұл – әділетсіздік», – деді жәбірленуші Қарлығаш Бекболатова.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында ауыл халқы қайтарылған активтер есебінен таза суға қол жеткізді

Новости партнеров